Биыл қыркүйек айынан бастап елде жатыр мойны обырына қарсы вакцина егу жүріп жатыр. Вакцинация тегін жүргізіліп, 11-12 жастағы қыздарды қамтымақ. Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Ауруға басты себеп - адам папиллома вирусы. Қатерлі ісіктің алдын алудың жалғыз жолы - екпе дейді мамандар.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, елде жыл сайын жатыр мойны обырына 2 000-ға жуық әйел шалдығады және 600-ден астам әйел бір жылда осы аурудан көз жұмады. Яғни, күн сайын жатыр мойны обырын жұқ¬тырған 5 жағдай анық¬талса, күніне 2 әйел осы дерттен қайтыс болады. Ал былтыр Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жатыр мойны обыры диагнозымен есепке 52 әйел, осы жылдың тоғыз айында 49 әйел тіркелген. Жалпы қазір есепте 568 әйел бар.
ЖАННА САТТАРҚЫЗЫ, ОНКОГИНЕКОЛОГ:
-Солтүстік Қазақстан бойынша қазіргі таңда қыркүйек айынан бастап 900-ден астам қыз балалар прививканы алды. Және тағы да алу үстінде. Оның ешқандай қауіп-қатерлері болмайды. Ол ешқандай бала тууына және жүктіліктің болмай қалу қаупіне ешқандай әсер етпейді. Ағзаға ешқандай кері әсері болмайды. Организмге енгеннен кейін вирусоподобный антиген болып, егер организмге енсе соған қарсы иммунитет дайын тұрады.