Петропавлда полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есепте тұрған 281 отбасыны тексерді. Рейд барысында ата-ана міндеттерін орындамаудың екі фактісі тіркелді. Екі жағдайда да ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.
Петропавлда ювеналдық полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында проблемалық мекенжайларды тексерді. Тәртіп сақшыларынан бөлек, рейдке кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, қорғаншылық органдарының және Аналар үйінің өкілдері қатысты.
Айнагүл Сауытбекова – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы
- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қарашаның 15 мен 17-сі аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ата-ана міндеттерін орындамаудың екі фактісі тіркелді. Бір отбасында мас күйдегі отағасының жанжал шығарғаны анықталды. Екіншісінде қауiптi жағдайда қалдыру фактісі тіркелді: қараусыз қалған кішкентай бала ыстық жерді ұстап қолын күйдіріп алған. Екі жағдайда да ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ бұрын кәмелетке толмағандардың құқықтары бұзылған отбасылар да тексерілді. Қабылданған шаралар тиімділігін көрсетті: жаңадан заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтар мен түнгі көшелер тексерілді.
Мемлекеттік тілде сөйлейді:
Айнагүл Сауытбекова – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:
- Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу барысында полиция департаменті мүдделі органдармен бірге жасөспірімдер қылмысының азаюына әкелетін бірқатар профилактикалық шаралар жоспарын әзірледі. Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шараның өткізу барысында ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандарды тұрақты тұратын жерлері бойынша тексеру, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналарды және түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.
Балалардың құқықтарын қорғау, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жұмыстар ұдайы жүргізіліп тұрады және облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.