Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9-шы орта мектепте «Үздік» авторлық бағдарлама республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Ауданаралық және қалалық кезеңнен іріктеліп алынған 44 педагог әртүрлі тақырыптА жұмыстарын ұсынды.

Іс-шараны «Қызылжар дарыны» орталығы 2002-ші жылдан бері өткізіп келеді. Байқау авторлық білім беру бағдарламаларын жасай алатын дарынды ұстаздарды анықтауға және қолдауға бағытталған.

БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Педагогтер авторлық жұмыстарын пән бағыты бойынша қорғайтын болады. Оның ішіне білім берудегі менеджмент, бастауыш мектеп мен мектепке дейінгі білім, психологиялық қызмет, ғылыми-жаратылыстаны мен физика-математика және тағы басқалары кіреді. Қатысушылардың жұмысын бағалау үшін арнайы әділ-қазы алқалар тағайындалған. Олар жергілікті университеттің оқытушылары мен өткен жылы осы байқаудың жеңімпазы болған қатысушы.

Байқауға қатысуға Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп- гимназиясынан 4 ұстаз келген. Соның бірі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Қуат Хайруллин.

ҚУАТ ХАЙРУЛЛИН, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

- Менің жазған бағдарламамда дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарымыздың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану. Ол арқылы ұл-қыздардың бойына ұлттық дәстүрлерімізді сіңіріп, адамгершіік пен сыйластықты үйретеміз деп ойлаймын. Жастар еліміздің болашағы болғандықтан осы ұстанымды ұстаймын. Бағдарламаның ішінде қызықты дүниелер көп.

Жалпы, 9 бағыт бойынша өткен конкурстың жеңімпаздары желтоқсан айының 5-і мен 6-ы күні Алматы қаласында өңіріміздің намысын қорғайтын болады.