Петропавлдағы «Қалыңдық үйі» аталып кеткен тарихи ғимарат қалпына келтіріліп жатыр. Кезінде көпес Хамит Янгуразов тұрғызған үйді жөнге келтіруге Алматыдан келген мердігер ұйым жауапты. Жобаның құны шамамен 200 миллион теңгені құрайды. Жұмысқа барлығы 20 адам жұмылдырылған.

Қалындық үйінде жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған. Мамандар тарихи нысанды зерттей отырып, бірқатар тың ақпарат тапқан. Олардың сөзінше,ғимаратың интерьерінде ешқандай ақ түс қолданылмаған. Бастапқы түсі сары және жасыл болған. Қазақ материалдық мәдениет ғылыми - зерттеу және жобалау институының жетекшісі Ринат Кутдусовтың сөзінше, қалыңдық үйінің безендірілуінде барлығы 100-ден астам түс қолданылған екен.

РИНАТ КУТДУСОВ, ҚАЗАҚ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Менің ойымша, мұндай құнды тарихи нысан Қазақстан бойынша жалғыз. Біз ғимараттың төбесінен ерекше суреттерді таптық. Әлі де қызықты жайттардың куәсі болып жатырмыз. Қалыңдық үйі көп жылдар бойы су астында тұрғаны белгілі болды. Сондықтан барлық жеріне мұқият көңіл бөліп, жөндеп жатырмыз. Жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.