Петропавлда «Жастық шақ әуендері» атты ретро әндер фестивалі өтті. Оған облыстың 13 ауданынан келген әуесқой әншілер қатысты. Өнерпаздар халыққа жақсы таныс ескі әндерді шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл сыйлады.

«Жастық шақ әуендері» атты әндер фестивалі дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Негізгі мақсат – орта жастан асқан буын өкілдеріне қуаныш сыйлап, ескірген әуендерді жастар арасында наисхаттау.

САНДУҒАШ ЖОЛАМАНОВА, КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің концертке көбіне егде жастаға адамдар келеді. Өйткені, олар бұрынғы әндерді қарайды, сағынады, тыңдайды. Жастық шақтарын еске алады. Олардың бос уақыттарын керемет пайдалы өткізу мақсатында фестивальді жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз.

Юлия Родионованың сахна төрінде жүргеніне 20 жылдан асқан. Әнші мұндай іс-шараларға әрдайым белсенді қатысады.

ЮЛИЯ РОДИОНОВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ

- Мен «Жастық шақ әуендері» атты ретро фестивпальге қатысып жатырмын. 0:33///Бүгін 80,70, 90-жылдардың хиттері, әндері шырқалады. Мен бүгін «Ялла», «МираЖ» топтарының әндерін орындаймын.

Жастық шақ әуендері көрермен көңілін жадыратты. Фестиваль соңында барлық қатысушылар дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.