Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, солтүстік қазақстандық аграршылар рекордтық жақсы өнім жинай алды. Майлы дақылдарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлерін жинау аяқталды. Барлығы 3,3 млн гектар алқаптан шамамен 6,2 млн. тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Ал 515 мың гектар жерден, 592 мың тонна майлы дақыл жиналған. Картоптың орташа өнімділігі - 145,6 ц / гектарды құраса, көкөністердің орташа өнімділігі - 148,1 ц/гектарға жеткен. Ал, 2025 жылғы егінге 470 мың тонна тұқым салынған.


ЖАЛҒАС СҮЛЕЙМЕНОВ СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Хлебоприемными предприятиями принято) (ПЕРЕВОД) Астық қабылдау кәсіпорындары жаңа астықтың 1,6 млн. тоннасын қабылдады. Оның 41% - ы 3-классқа жатса, 47 пайызы 4 классқа жатады. Ауа-райын ескере отырып, астықты кептіруге қосымша 20 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны және 4800 тонна сұйытылған газ бөлінді. Жалпы өнімділігі тәулігіне 255 мың тонна болатын 332 астық кептіргіш бар.

.