Жыл басынан бері облыста 341 өрт тіркелген. Салдарынан 29 адам мерт болып. 33 адамды күйік шалған. 5 адам газдан уланған. Бұл туралы бүгін облыстағы төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте баяндалды. Жылыту маусымы басталғалы, яғни қазанның бірінен бері облыста 2 млн 820 мың теңге материалдық шығын әкелген 26 өрт оқиғасы тіркеліп, онда 8 адам қаза тапқан.


АЯН ҚҰСАЙЫНОВ СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 15 тамызынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде. Осы іс-шара барысында департамент мамандары 11 392 адам тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 4 483 тұрғын үйді аралады. 4411 бала қамтылды. Үй-үйді аралау барысында 1589 үйде электр жабдықтары мен жылу жүйелерін пайдалануда 2209 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі анықталды.


Мамандардың айтуынша өрттің басым бөлігі жеке үйлерде Одан кейін автокөліктер мен ашық жерлерде болған. Электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылыту пешін монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау да өрттің шығуына себеп болады.


СЕЙІЛБЕК СМАЙЫЛОВ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Жамбыл ауданында 2024 жылы 19 өрт болды. 2023 жылға қарағанда 7 өртке аз. Оған қарамастан бізде 19 өрт болған, бұлрдың барлығы жеке үй секторында болған көбінесе. Осы өрттен 6 адам қайтыс болды. Өрт зерттеу лабороториясының анықтамасы бойынша бұл адамдардың барлығы ішімдікке салынған адамдар. Өрттің барлығы да сөндірілмеген темекіден болған жағдайлар.