Петропавлда әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан Кубогының ойындары аяқталды. Финалда өткен жылдың жеңімпаздары "Қуаныш" пен Талдықорғандық "Жетісу" кездесті.


Ойын нәтижесінде "Жетісу" 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл күтпеген жаңалық болды. Себебі, былтырғы кубок иелері осы жылы да өз жеңісін қайталамақ болды. Дегенмен, "Жетісу" командасы сенімді ойын көрсетіп, қарсыластарын ойсырата жеңді. Ал солтүстікқазақстандықтар Қазақстан Кубогының күміс жүлдегерлері атанды. Қола иегерлері "Берел" командасының волейболшылары. Олар Түркістаннан келген "Тұран" командасынан 3:1 есебімен алға шықты.


СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

- Бүгін біз Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы кезекті Қазақстан Кубогы ойынын аяқтадық. "Жетісу" командасы жеңіске жетті. Соңғы матчтағы табанды күресте олар біздің "Қуаныш" командасымен ойнады, бірақ бүгін біздің команда жеңіліп қалды. Күміс жүлдегер атанды Осы күндердің ішінде өте жақсы матчтар болды. 8 команда қатысты. Біз федерацияның бұл кубокты Петропавл қаласында өткізуге мүмкіндік бергеніне өте қуаныштымыз.