Омбы облысының делегаттары облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарын аралады. «Nord Panels» серіктестігінде қонақтарға ағашты терең өңдеу жұмысы таныстырылды, ал «Радуга» компаниясында халық тұтынатын тауарлар көрсетілді. Әріптесімнің бейнематериалына зер салайық.


Өңіріміздегі жаңа ашылған кәсіпорын ағашты терең өңдеп шығарады. Ол толық қуатқа шыққанда жылына 50 мың текше метрге дейін ламинатталған фанер шығарады. 300 жаңа жұмыс орны ашылады. «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағындағы болашағы зор инвестициялық жоба. Сегіз миллиард теңге инвестиция тартылды.


-До 2027 г. мы придем к тому, что будем производить мебель. Здесь есть еще субзона свободная, которую тоже Огузхан будет осваивать./В целом это все СЭЗ, одна из субзон. Полностью все преференции предоставлены, меры господдержки, КПН, НДС и т. д. освобождение.


Серіктестік төңірегінде шағын және орта бизнес белдеуі қалыптасты. Сонымен қатар, жұмысқа үш жарым мыңға жуық солтүстікқазақстандық жұмылдырылған. Ресейлік әріптестер де арнайы экономикалық аймақта кәсіпорындар салып жатыр.


ДАРХАН ӘМРИН – КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Челябідегі Уралкран, кран конструкцияларын шығаратын ірі өндірушілердің бірі. Бүгін Мәскеуден келген «Хлебпром» компаниясы жұмысқа кірісті. Қазірдің өзінде жұмыс қызу жүріп жатыр, қадаларды қаға бастады. 37 млрд теңге инвестиция тартылды. Ұзақ сақталатын нан, торт және т.б. өнімдер өндірілетін болады.


Келесі ірі кәсіпорын – «Радуга» серіктестігі. Мұнда тұрмыстық химия фабрикасында сұйық және қатты сабын шығарады. Өнімдердің бір бөлігі Ресейге экспортталады.


Сондай-ақ қонақтарға осыдан екі жыл бұрын ашылған қағаз өнімдерін шығаратын зауыт жұмысы таныстырылды. Кәсіпорын 20-ға жуық тауар түрін шығарады. Айталық майлықтар, қағаз сүлгілер, дәретхана және кеңсе қағаздары. Сондай-ақ Омбы облысынан келген делегеция Металл-пластикалық бұйымдар шығаратын зауытты да аралап көрді.