15-ші қазан күні Петропавлда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан Кубогы ойындары басталған болатын. Ұлттық лиганың финалы 21-қазан яғни, бүгін белгілі болады. Чемпионатқа кіл мықты деп танылған 8 команда қатысып жатыр.


Бірінші жартылай финалда Талдықорғандық «Жетісу» мен Өскемен қаласынан келген «Берел» клубтары алаңға шыққан болатын. Нәтижесінде 3:2 есебімен Жетісу жеңіске жетті. Енді бүгін «Жетісу» мен «Қуаныш» финалда алтын жүлдені сарапқа салады. Ал «Берел» мен «Тұран» қола медаль үшін таласады. Осымен жеңіске жетіп, кубок иеленген команда сәуір айында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.