1995 жылы ҚР Президентінің жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді. Осы орайда, Петропавлда бірқатар құтқару мамандары құрметке бөленіп, алғыс хатқа ие болды.


Бүгінде ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің құрылғанына 29 толып отыр. Осы уақыт аралығында құтқарушы мамандар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, аянбай тер төгіп келеді.


ЖОМАРТ АСҚАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адамның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан, ерен еңбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық.


Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов сөз сөйледі. Ол құтқарушы мамандарды өңір басшысының атынан құттықтап, қызметкерлерге алғысын білдірді.


ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Құрметті құтқарушылар, бүгінде атқарып жүрген қызметтеріңіз әрқашан абыройлы және табысты болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Мереке құтты болсын!


Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы Дәурен Таубаев облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Айта кетейік, Дәурен Әшімханұлы – Қызылорда облысының тумасы. Ол бүгінге дейін Астана қаласында және Түркістан облысында қызмет еткен. Еңбек өтілі 15 жылдан астам уақытты құрайды.


ДӘУРЕН ТАУБАЕВ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

-  Азаматттық қорғау органдарында 2009 жылдан бастап қызмет атқарып келемін. Солтүстік Қазақстан горнизонында биылғы жылдың қаңтарынан бастап қызмет атқарамын. 01:06 Бүгін барлық әріптестерімді бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларына амандық, дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, қуаныш тілеймін!


Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барасында су жаңа 3 құтқару көлігінің және 11 заманауи үлгідегі жедел-құтқару көлігінің кілті табыс етілді.