Солтүстік Қазақстан облысында медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның қатысы бар деп айыпталған оқиға 2024 жылдың шілде айында Қызылжар ауданында болған. Кешкі астан кейін отбасы мүшелерінің барлығы өзін нашар сезінген. Кейіннен екі баланың өліміне нитритпен жедел улану себеп болған. Мамандар өнімнің сапасынан бөлек, медицина қызметкерлерінің зардап шеккендерді дереу ауруханаға жібермегенін анықтады. Полиция департаменті «Абайсызда адамдардың жаппай улануына және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу» фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. Қылмыстың айғағы болмағандықтан іс тоқтатылған болатын. Алайда тың деректер шықты. Материалдар жеке өндіріске бөлініп, «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде