«Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі» осындай атаумен Петропавлдағы жоғары солтүстік қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде облыстық ТЕD-конференция өтті. Оған 11 студент қатысуға ниет білдірген. Яғни қатысушылар болашақта Қазақстанға қандай үлес қосқысы келеді, осы жайында өз баяндамаларын оқыды.


Іс-шараның мақсаты жастардың көпшілік алдында еркін сөйлеуіне, өз ойларын ашық білдіруге көмектесу. Қазір жоғары солтүстік қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Жұлдызды сәт» апталығы өтіп жатыр. Осы апталықта конференцияда ең жақсы деген баяндамалар таңдалып, басқа колледж студенттерімен бөлісетін болады.


АЙСҰЛУ МЕЙРАМОВА, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Облыстық тэд конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстанның жахандану жолындағы өзгерістер мен мәселелерді жастар қай көзқараспен көріп жатыр. Қандай өзгерістер енгізгілері келеді осы жайлы балалар баяндама оқиды. 


Ақтан Халдавлетов жоғары солтүстік қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінінің 2 курс студенті. Ол осы конференцияға 1 апта бойы ізденіп, жазған баяндамасын оқымақ. Ақтан «Қазақ халқының философиялық және поэтикалық мұрасы қоғамның рухани жаңғыруының өзіндік ерекшелігі» атты тақырып ұсынған.


АҚТАН ХАЛДАВЛЕТОВ, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Бүгінгі іс-шарада ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпты айқындағым келеді. Осы бай мұрамызды әлемге танытқым келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, біздім президентіміз 5 құрлықтың 90-нан астам елінде біздің Абайдың қара сөздері, басқа тілдерге аударылып, оларға тыңдаушылар пайда болды. Біздің басты қадамымыз тарихымызды зерттеп әлемге таныту.


Іс-шара соңында 11 студенттің ішінен жақсы деген баяндама таңдалатын болады. Кейін қатысушылар марапатталады.