Петропавлда «Толқыннан толқын туады» облыстық оқушылар айтысы өтті. Іс-шара «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында қазақтың айтыс өнерін насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.


Облыстық айтысқа 8 оқушы қатысуға ниет білдіріпті. Олар 4 жұп болып өнер көрсетті. Айтыстың ең жас қатысушы – Абай Абзал. Қазір ол 3-сыныпта оқиды. Жас айтыскердің қолына домбыра алғанына бір жылдан асыпты. Дайындығы да қызу.


АБАЙ АБЗАЛ, САФУАН ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Әділ, әзілді сөздер дайындап келдім.Домбыраны шертіп үйрену керек. Айтыстағы сөздерді мақамына жаттау керек. +скл+ Айтысқа өте қатты дайындалып келдім. Менің ойымша, бас жүлдені аламын. Қазақстан жасасын! Айтыс өнері жасасын!


Айтыс – киелі өнер. Ол халықтың ауызша шығарған көнермес сөз өнері, асыл мұрасы. Бұл балалар айтысында жас бойынша ешқандай шектеу жоқ. Облыстық халық шығармашылығын дамытудың бөлім басшысы, Жарқын Жұпарханның айтуынша, өңірде балалар арасында айтысқа деген қызығушылық жыл санап артып келеді.


ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Жалпы оқушылардщың айтысын соңғы жылдары СҚО-да жақсы бағытқа бұрып келе жатырмыз. Жылына 2-3 рет айтыс жасап жатырмыз. Тың серпін, тың қолдау беріп жатқан СҚО Білім басқармасының басшысы. Жыршы, термеші Халықаралық одағының СҚО филиалымен бірігіп жасап жатырмыз. Жеңген балалар республикалық айтысқа жолдама алады.


Сайыскерлердің сөз саптауы, тіл байлығы, суырып салма ақындық өнері сахнадан байқалып-ақ тұр. Әрбір жас ақынның өнері ерекше бағалануда. Өнер додасында оза шапқандар сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.