Өңірге Омбы облысынан делегация келді. Ғауез Нұрмұхамбетов Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко бастаған Ресей Федерациясының өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар өзара тығыз ынтымақтастықты талқылап, жаңа келісімге қол қойды.


Екі елдің шекаралас аймақтары арасындағы өзара сауда көлемі жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылда Солтүстік Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара тауар айналымы 1,5 есеге өсті. Ол 624 млн долларға артып отыр.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жылдан-жылға Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп орындары Омбы облысының кәсіпорындарымен ынмақтастықты арттыруда. Мәселен, «Блок» ЖШС Омбылық компаниямен электр және жылу оқшаулағыш материалдарын экспортқа шығару бойынша келісім-шарт жасасқан. Өңірлеріміз өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастықта. 10 жылдан астам уақыт бойы Омбыға жергілікті AVAGRO компаниясынан құрал-жабдықтар жеткізіліп келеді.


Тараптар биыл қос облыста мол өнім жиналғанын ата өтті. Тек соңғы 5 жылда облысымыздағы кәсіпорындар Омбы облысынан 9700 тонна элиталық дәнді дақыл тұқымын сатып алған. РФ-ның өкілдері солтүстікқазақстандықтарға жылы лебіздері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ынтымақтастықтың нәтижелі болатындығына сенім білдірді.


ВИТАЛИЙ ХОЦЕНКО, ОМБЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ:

- Біз келесі жылы Сіздің өңірде Омбы облысының инвестициялық жобаларының тұсаукесерін және осыған ұқсас сіздердің презентацияларыңызды Омбыда өткізуді ұсынамыз. Инвестицияларды тартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде кеңінен талқылайтын боламыз.


Ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қою рәсімі өтті.


ВИТАЛИЙ ХОЦЕНКО, ОМБЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ:

- Біздің ауылшаруашылық техникасын шығаратын «Дебора экспорт» және басқа да компаниялар Қазақстанда өндірісті оқшаулауды қарастыруда. Солтүстік Қазақстан – біздің ең жақын көршіміз, инвесторлар үшін тамаша жағдай. Бүгін біз Арнайы экономикалық аймағын қарастырдық. Ал біздің кәсіпорындар қызығушылық танытып, оқшаулау туралы келісімдерге қол қойды.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ , СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-Меморандум аясында Қазақстанда кәсіпорындар үшін металл конструкциялары мен көпір құрылымдарын салу және өндіру жүзеге асырылып, сол арқылы өнеркәсіптік әлеуетке тың серпін береді.


Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында делегаттар Абай мен Пушкин ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. Өйткені шекаралас екі аймақтың ортақ тарихы мен мәдени құндылықтары бар.


ЕЛЕНА ГЕНОВА, РЕСЕЙ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ОМБЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жақсы көршілердей бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Біз тарихи қалыптасқан барлық байланыстарымызды жоғалта алмаймыз. Бақытымызға орай, елдердің басшылығы мұны түсінеді, мен бүгінгі ынтымақтастықтың одан әрі өз жемісін береді деген сенімдемін.


Омбы облысы Солтүстік Қазақстан облысы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін стратегиялық серіктес болып табылады.