Биыл Петропавл қаласында орналасқан Ұлттық ұлан академиясының құрылғанына 27 жыл. Айта кетейік, 2022 жылы, 2 ақпанда офицерлерді дайындайтын білім ордасы Үкіметтің қаулысы бойынша Академия болып қайта құрылған болатын. Бүгінде мұнда курсанттарға білікті де білімді ұстаздар сабақ беруде. Бар ынта жігерін шәкірттерін тәрбиелеуге арнап жүрген оқытушылар жайлы келесі бейнесюжетте.


Мирас Бірімжанов – Тимирязев ауданының тумасы. Ол 2000 жылы облыстық спорт-мектеп интернатын бітірген. Кейін Ұлттық Ұлан Академиясына оқуға түсіп, 2004 жылы аяқтаған. Ал, 2010 жылдан бастап осы әскери жоғары оқу орнында жұмыс істейді. Айта кетейік, Мирас Бірімжанұлы – Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері.


МИРАС БІРІМЖАНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ ЖӘНЕ СПОРТ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

- 2003 жылы мен Ташкентте «Азия чемпионатына» қатыстым. 2 орын алып, күміс жүлде иелендім. Ол кезде мен Қазақстан чемпионы болған едім.2007 жылы Португалияға Әлем чемипионатына бардық. 1-орын алдым.


Ал, Мақсат Туғанбайұлы - Самбодан ҚР чемпионы және арадагерлер арасында Әлем чемпионы. Алматы облысының тумасы. Солтсүтік Қазақстанға 1984 жылы ата-анасымен бірге көшіп келген. Жергілікті жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде күреспен айналыса бастаған. Кейін 2008 жылы Ұлттық ұлан Академиясына жұмысқа шақырту алған. Бүгінде 15 жылдан астам уақыт бойы «Самбо» күрсінен курсанттарды дайындап, талай мықты спортшыларды жаттықтырып келеді.


МАҚСАТ НҮСІПОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ ЖӘНЕ СПОРТ КАФЕДРАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ ЛАУАЗЫМЫН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

- 2018 жылы самбо күресінен ардагерлер арасында Марокко еліне барып әлем чемпионы болдық. Сол жерде Халықаралық дәрежеде спорт шебері атағын орындадық. Одан кейін 2019-2020 Қысқы Президенттік көпсайыспен айналыса бастадым. 20 жылы ҚР чемпионы болып, Спорт шебері атағын қорғадым.


Айта кетейік, бүгінде Ұлттық Ұлан Академиясының курсанттары түрлі спорттық додаларға қатысып, топ жаруда. Бұған ұстаздарының қосқан үлестері өте зор.