Петропавлда «Қазақстан – бақыт ордасы» атты интелектуалдық ойын өтті. Аталмыш іс – шара 25- қазан Республика күніне орай ұйымдастырылды. Сайысқа Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенттері қатысты.


Интелектуалдық ойын 4 кезеңнен тұрды. Сайыстың негізгі мақсаты - жастардың бойындағы патриоттық сезімін арттыру және еліміздің тарихы туралы кеңінен сыр шерту.


АЛМАГҮЛ ҒАББАС – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

- Барлық сұрақтар Қазақстанның тарихына қатысты болмақ. Қатысушылар берілген тапсырмалардың арасынан қате ақпараттарды табады. Және шығармашылық, әдебиеттен де сұрақтар кездеседі. Студенттер өлең оқып, ән айтып бақтарын сынайды.


Сайысқа барлығы 35-тен астам студент қатысты. Олар 2 топқа бөлініп, ең білімдіні анықтады.


ВАЛЕНТИНА ҚОЖАХМЕТОВА – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

- Бүгінгі квест өте жақсы деңгейде өтті. Әрбір кезеңдегі сұрақтардың барлығы қызықты. Әрине, кейбір қиындықтар болды. Жауабын нақты білмейтін, сауалдар да кездесті. Бірақ, біз оны еңсере білдік. Студенттерге пайдалы болғаны анық.


Сайыс соңында қатысушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.