Республика күні – Қазақстанның маңызды ұлттық мерекесі, елдің егемендігін, мемлекет ретінде нығаюының тарихи кезеңдерін еске салатын күн. Бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.


СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: - Енді оның тарихына келетін болсақ, 90-жылдарда біздің елімізде Тәуелсіздік декларациясының негізгі жобасы талқылауға ұшырап, соның нәтижесінде қазан айында 1990 жылы Жоғарғы Кеңестің шешімімен үлкен комиссия құрылған екен. Оған Жоғарғы Кеңестің депутаттары сайланған. Оның комиссия төрағасы болып академик, заң ғылымының докторы Залманов Салық сайланған болатын. Онымен бірге 25 адам осы комиссия мүшесі болды. Соның ішінде ғылым саласындағы ғалымдарды атап өтуге болады. Манаш Қозыбаев тарих ғылымдарының докторы, академик. Сонымен бірге, Әбділдин Жабайхан. Ол философия ғылымдарының докторы, академик. Белгілі қоғам қайраткерлері Әбіш Кекілбаев пен Сағадат Нұрмағамбетов болған. Бұл комиссия арнайы қосымшаларды, берген ұсыныстарды қарай отыра Декларация қабылдауға ұсыныс жасады. Нәтижесінде 25-қазан 1990 жылы осы Тәуелсіздік жөнінде Декларация қабылданды. Бұл құжат 17 пункттен тұрған