Жастар салауатты өмір салты мен экологиялық өнімдерді таңдайды. Қызылжар ауданында оқушы кептірілген жеміс-жидектен кондитерлік өнім мен жеміс чиптерін дайындап жоба қорғаған. Ол еңбек сабағында өз шеберлігін шыңдап, осы жобаға дайындалған. 


Татьяна Ларчикова еңбек пәнінің мұғалімі. Ол 5-9 сынып аралығындағы оқушыларға еңбек пәнінен сабақ береді. Оқушыларының бірі Виктория Былкова кептірілген жеміс жидектен кондитерлік өнім жасап шығарған. Оны мұғалімі қолдап бірігіп, ғылыми жоба жасап шығарған.


ТАТЬЯНА ЛАРЧИКОВА, БЕСКӨЛ МЕКТЕП-КОЛЛЕДЖІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Статистика бойынша 2024 жылы қазақстандықтардың тәттілерді тұтынуы 12% - ға артты. Сондықтан біз тәтті өнімдерін дәмді әрі пайдалы қылып қалай өндіруге болатындығы туралы ойладық. Жалпы ағзаға пайдалы тәттілерді жеу арқылы асқазан-ішек жолындағы кейбір ауруларды азайтуға болады.Ал пастилада көптеген дәрумендер бар.


Бұл жоба республикалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының бірінші кезеңінде жеңіске жетті. Оқу орнының мониторингі барысында облыстық мәслихат депутаттары жас технологпен және оның экоөнімімен танысты. Викторияның айтуынша, өндіріс процесі өте қызықты.


ВИКТОРИЯ БЫЛКОВА, ОҚУШЫ:

- Қазір дайындап жатқан құлпынай пастиласы үшін бізге міндетті түрде пісірілген алма қажет. Бұл жасап жатқан өнімімізге керекті заттар. Оларсыз пастила дайын болмайды. Содан кейін керек қоспаны таңдаймыз. Мысалы, құлпынай мен осындай ұнтақты.Кейін бал қосамыз. Сол кезде тәтті болады.


Бұл кондитерлік өнімді шығаруға жемістерді ғана емес, көкөністерді де қолдануға болады. Әртүрлі рецептарды қолданып түрлі тәтті өнім шығаруға болады.