Өңірде референдум нәтижесі бойынша халықпен ақпараттық жұмыс жалғасуда. Бұл жолы жастар ресурстық орталығының еріктілері Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.


Жиынға қатысушыларға атом электр станциясын салу мәселесі оң шешімін тапқаны хабарланды. Референдумда АЭС құрылысын қолдайтындардың саны 71 пайызды құрады. Өңірде мұндай кездесулер қазан айының соңына дейін жалғаспақ.


ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 6 қазанда атом электр станциясы салынатын болып шешілді. Қанша адам таңдау жасады, АЭС не үшін қажет, неліктен ол қауіпсіз, ол қайда салынады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін келіп отырмыз. Адамдар атом электр станциясы туралы толығырақ ақпарат алуы тиіс.