Петропавлда Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Сыр өңіріндегі ислам руханияты» көрмесі ашылды. Мәдени іс-шараның салтанатты ашылуы ислам мәдениеті музейінде өтті. Көрме Марал Ишанның 255 жылдығына арналған.


Марал Ишан Құрманұлы 1780 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылының Есеней Қайранкөлі атанған көлдің жағасында дүниеге келген. Марал Ишан Кенесары Қасымұлының туған нағашы ағасы. Ханның ұлт-азаттық көтерілісін қолдаған. Ол имам, жерді отарлауға қарсы халық қозғалысын ұйымдастырушы, көріпкел, әулие болған адам.


АСХАТ САЙЛАУ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ХАТШЫСЫ:

- Көрмеде жалпы басым бөлігі Марал бабамыздың ұрпақтарының мұрасы қойылған. Айта кетуіміз керек, осы бірнеше жылдан бері Марал Ишанның мұрасын зерттеу қазіргі уақытта қолға алынып жатыр. Жақында осы көрмеге қойылған жәдігерлердің ішінде Марал бабамыздың асасын ерекше атап өтуге болады. Ұстаған дүниесі. Жақында өзінің ағайындарынан арнайы сипаттамасын алып, асасын жасаттық.


Көрмеде Марал бабаның жәдігерлерінен бөлек, оның оққағары Тәжі Тұманұлының ері, шөбересі Абдулхамит Ишанның кітаптары, киімдері ұсынылған. Мұнда Сыр бойындағы діни ағартушылар мұрасы кеңінен қамтылды. Барлығы 50-ге жуық тарихи артефакті әкелінген. Іс-шараға Марал Ишанның ұрпақтары да келіпті.


МҰХАМЕДХАН ОМАР, «МАРАЛ-БАБА» ЖЕКЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Сыр бойы Ишан әулиелерінің мекені деп аталған. Солардың тарихын таныстыру. Өлкедегі ағайындарға. +скл+ (01:06-01:23) Мен Марал Ишанның Қалмұхамед Қалқа Ишан үлкені болған. Содан тараймыз. Оның 8 баласы болған. Әбдірахман, Абдулхамит, Қасымхан, содан кейін мен. 6-шы ұрпағы болып келемін.


Көрменің салтанатты ашылуына облыстық мәдениет басқармасы, қалалық ардагерлер ұйымы өкілдері, имамдар, студенттер қатысты. Көрме қараша айының 17 дейін жұмыс істейтін болады.