С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай әдеби кеш өтті. Айта кетейік, қазақтың аяулы ақыны, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфоллаұлы 1894 жылы 15 қазан күні Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген.


Сәкен Сейфуллин – Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаған. Оның еңбектері әлемнің көптеген елінде жарық көрген. Смағұл Сәдуақасов атындағы №2 орта мектептің мұғалімі Тамара Орлова Сәкен Сейфоллаұлы тек жазушы ғана емес, мықты саяси қайраткер болғанын да атап өтті


ТАМАРА ОРЛОВА, СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ АТЫНДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Сәкен Сейфуллин сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Көпшілік оны жазушы ретінде жақсы таниды. Бірақ, оның ашылмаған қырлары әлі көп. Мен оның шығармаларын оқығанда, өмірбаяның зерттеген кезде көп қызықты ақпараттарды білдім. Сәкен Сейфоллаұлы туралы барлық қазақстандықтар, тіпті шетелдіктер де білгенін қалаймын.


Кештің негізгі мақсаты - Сәкен Сейфуллин туралы жастар мен балаларды жазушының шығармашылығымен таныстырып, ұлы тұлғаның өмір жолын кеңінен дәріптеу.


НҰРИ ӨРКЕНБЕК, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ:

- Бүгін Сәкен Сейфуллиннің 130-жылдығына арналған әдеби кеш өтіп жатыр. Мен Қазақ тілі және әдебиеті мамандығында 4-курста оқимын. 01:17 Жалпы, мен Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығымен таныспын.