Петропавлда өзге этнос өкілдерінің арасында «Өнеріміз саған, Қазақстан» атты облыстық байқау өтті. Оған 14 және 18 жас аралығындағы ұл қыздар қатысты. Аталмыш сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.


Сайысқа Айыртау, Шалақын, Ғ. Мүсірепов, М.Жұмабаев, Тайынша және Мамлют аудандарынан келген жас дарындар қатысты. Алина Пинчук –Айыртау ауданының тумасы. Ол вокалмен 2020 жылдан бері айналысып келеді.


АЛИНА ПИНЧУК, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Мен сайыста «Бір бала» атты халық әнін орындадым. Бұл туынды өте ғажап. Жүрекке жететін ән. Сондықтан да, мен бар ынта-жігеріммен айттым. Байқау жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін.


Қазақ тілін насихаттауға арналған сайыс «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының аясында ұйымдастырылды.


АНАР ҚАРШАЛОВА ,«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- Сайыс 3 номинация бойынша өтеді. Біріншісі – «Дала дауысы». Екіншісі – «Алтын ішіктері». Ал, Үшіншісі - «Жарқыра, жас дарын!» деген атауда. Жалпы, байқауда қатысуышылар мемлекеттік тілде ән айтып, өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды.


Іс – шара соңында талантты жасөспірімдер сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.