Халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл маңызды оқиға ел тарихында қалатыны анық.


Референдум халық тарапынан қолдау тапты. Халықтық штаб өкілдері өз кезегінде қала тұрғындарымен кездесіп, таңдау жасағандары үшін алғыстарын білдіруде. Кезекті жиын Жұмабек Тәшенев атындағы №20 орта мектебінің ұстаздарымен өтті.


ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, ӨҢІРЛІК ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛІ: 

- Референдумның қалай өткенін, әріптестерімізге пікірін білдіргені үшін алғысымызды білдіреміз. Себебі, осы мұғалімдер ұжымдары және де олардың қарамағындағы жүрген ата-аналармен көп жұмыс істеген соң, осындай референдумда АЭС-тың құру үшін көп жағдай жасадық. Бүгінгі уақытта 71 пайыз деген ол өте жақсы пайыз деп ойлаймын.


Қазақстан өз тарихында маңызды кезеңдердің біріне қадам басты деп айтуға толық негіз бар. Ендігі мәселе, құрылысты кім жүргізетінінде. Бұл сұраққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауап та берді. Үкімет алдағы уақытта бұл мәселені саралап, шешімін шығарады.