Петропавлда кезекті рет Ресей елінен әкелінген тондардың сатылымы болып жатыр. Сырт киімдерді 20 ықшам ауданы Шоқан Уәлиханов көшесі 15 мекенжайындағы сауда орталығынан барып көруге болады. Сатылым қазанның 15-нен қарашаның 31-не дейін жалғаспақ.


Облыс орталығының тұрғындары үшін Ресейде тігілген 500-ден астам тон әкелінді. Көздің жауын алатын сырт киімдердің арасында қоңыр, қарадан бөлек ерекше түстердегі тондарды да көресіз. Қыз-келіншектер ұнағанын таңдап ала алады, өлшемдері бар.


ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, САТУШЫ-КОНСУЛЬТАНТ:

- Біздің дүкенде мутон мен күзеннен жасалған комбинациялар өте көп. Таңдау өте жоғары. Өлшемдері 38-ден 62-ге дейін. Яғни, қыз-келіншектерге кез-келген сырт-киімнің ұнағанын өлшемі бойынша таңдап бере аламыз.


Дүкенде зейнеткерлер үшін жеңілдіктер де қарастырылған. Сондай-ақ, тұрғындар ескі тонды тапсыру арқылы жаңа тонды сатып алуға 100 мың теңге жеңілдікке ие бола алады. Айта кету керек, мұнда тұрғындар үшін бірнеше айға бөліп төлеуге алу қарастырылған.


ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, САТУШЫ-КОНСУЛЬТАНТ:

- Мутон тонының басқалардан ерешелегі оның жылулығында. Қыз-келіншектер ұызындығына қарай да таңдау жасай алады. Таңдау жеткілікті. Киімдердің барлығы жоғары сапада тігілген.


Айта кетейік, қыз-келіншектің сәнін келтіретін тондарды тұрғындар Шоқан Уәлиханов көшесі 15А мекенжайынан таба алады.