Петропвлда Республика күні қарсаңында ағаш өңдеу зауыты іске қосылды. Өткен жылы түріктің «Nord Panels» компаниясы «Qyzyljar» экономикалық аймағында кәсіпорын салуды бастаған еді. Құрылысы аяқталып, бүгін жұмысқа кіріскен зауыттың ішін өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов аралады.


Кәсіпорын ағаш өңдеумен, сонымен қатар фанера және ламинатталған ДСП шығарумен айналысады. Өндірістік қуаты жылына 80 мың текше метр. Өндіріс орны 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.


ГҮЛБАРШЫН ДӘУЛЕТБАЕВА, «DAMU» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Аталмыш ЖШС екінші деңгейдегі банктен несие алды. Субсидиялау мөлшерлемесін мемлекет субсидиялайды. Кәсіпкерлер үшін ставка 8% құрайды. Республика Президенті Жолдауында орта бизнесті ұлғайту мақсатын қойды және бұл жұмысты біз жүргізіп жатырмыз.


Зауыт ағаш қалдықтарын өңдейтін болады. Сондай-ақ, кең ауқымда экожүйені қалпына келтірумен айналысуды жоспарлап отыр. 


ОГУЗХАН ЧЕЛИК «NORD PANELS» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Біз ағаш екпейміз және кеспейміз. Ағашты мемлекеттен немесе частный компаниялардан аламыз. Соны дұрыс түсіну керек. Біздің тұтынатын ағаш – аққайың. Оның өмірі қысқа. Оны уақытында кеспесеңіз шіріп кетеді, сосын өртенеді.


Кәсіпорын заман талабына сай өндіріс құралдарымен жабдықталған. Істі білікті қызметкерлер бақылайды.


НҰРТІЛЕУ ҚАДЫРОВ, «NORD PANELS» ЖШС МАМАНЫ

- Менің жұмысым – техникалық қызмет көрсету және олардың жұмыс режимінің бір темпте жүруін бақылау. Техникалалар өте жақсы, сапалы.


Кәсіпорын Қазақстанды сапалы материалдармен қамтамасыз етпек. Сондай ақ өнімдерін ТМД елдері мен Еуропаға экспорттайды.