Петропавлда әйелдер командалары арасындағы волейболдан Қазақстан Кубогының финалдық ойындары басталды. Ұлттық лига 15-21 қазан аралығына жоспарланған.


Чемпионатқа кіл мықты деп танылған 8 команда қатысып жатыр. Ойынның алғашқы күні соңғы болып өнер көрсеткен «Қуаныш» - «Ақтөбе» командалары.


ИРИНА ҚАБЫЛБЕКОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ: 

- Барлық командалар ақтық кезеңде бақ сынайтын болады. Қазір В тобы ойнап жатыр. 3-ші ойын күнінен кейін А және Б тобына бөлінген командалар арасында жеңімпаздар анықталады.


 Б тобындағы «Ақтөбе» командасының директоры Жансейіт Қиықов, қыздардың дайындығы жаман емес екенін атап өтті. Олар бұл додаға 3 ай дайындалған.


ЖАНСЕЙІТ ҚИЫҚОВ, «АҚТӨБЕ» ВК ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің «Ақтөбе» командасы биыл бірінші рет жоғарғы лигада ойнап жатырмыз. Дайындық жақсы. Қыздар өздерін Қазақстан кубогын алуға сынап жатыр. Алдағы жоспарымыз осы биік шыңдарды бағындыру. +скл+ 0:35-0:45 Біз осы жарысқа 3-ай дайындалдық. Қазақстан құрамасына қыздарды жинап алдық. Бірақ легионерлер жоқ.


Ойын қорытындысына сәйкес, Солтүстік Қазақстандық «Қуаныш» командасы Ақтөбеліктерді еш қиындықсыз 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Жерлестеріміз келесі кездесуді Өскемендік «BEREL» командасымен өткізетін болады.