«Береке» шағын ауданында дене шынықтыру –сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Спорттық нысан 250-ге жуық адамға шақталған. Мұнда балалар волейбол, футбол, бокс,еркін, грек – рим және қазақ күресі бойынша жаттыға алады. Сондай-ақ, екінші қабатта тренажер залы орналасқан. Айта кетейтік, бұл нысанның құрылысы былтыр жазда басталған еді.


Спорттық кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепичина қатысты. Олар ең алдымен «Қуаныш» волейбол клубының мүшелерімен кездесіп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.


 ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз сіздермен мақтанамыз. Спортшыларымыз өңірдің намысын лайықты қорғап, жоғары нәтиже көрсететініне толық сенімдімін.


Сафина Нұрғожа - «Қуаныш» волейбол клубының мүшесі. Жас спортшы спорттың бұл түрімен 2022 жылдан бері шұғылданып келеді.


САФИНА НҰРҒОЖА, «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Мен өңірлік құрамда 2 жылдан бері ойнап келемін. Бүгінде облыс және қала чемпионы болып үлгердім. Алдағы уақытта Азия чемпионатына қатыссам деймін. Біз енді осындай кең әрі әдемі жерде жаттыға алатынымызға қуаныштымын. Бұл біздің жеңіске деген құлшынысымызды одан әрі арттырады.


Ал, күрес залында 60-тан астам бала еркін, грек – рим және қазақ күресінен шұғылданатын болады. Жаттығу аптасына 5 рет өткізіледі.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қалайсыңдар балалар? Спорттық кешен ашылғаны құтты болсын. Ертең олимпиада чсемпионы болындар. Алтынбек, Ризабек ағаларын сияқты чемпион болындар.


АЛТЫНБЕК АУСАҒИТОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР АРЛАНДАРЫ» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біздің облысымызда көптеген нысандар салынып жатыр. Балалар, жастар салауатты өмір салтын ұстана алады. Қазіргі таңда «Береке» шағын ауданында осындай заманауи күрес залы бар. Енді балалар да, жастар да, кәсіби спортшылар да осы жерде айналыса алады. Залымыз өте керемет.


Кейін жиналғандар бокс залымен танысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелеховтің айтуынша, спорттың бұл түріне қызығушылық танытқандардың қатары көп. Мұнда 2 жаттықтырушы балаларды жаттықтыратын болады.


АЛЕКСЕЙ МИХАЙЛОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Залдың іші керемет. Барлығы заманауи. Қазір 10-13 жас аралығындағы балаларды жинап жатырмыз. Қыздар да, ұлдар да қатыса алады. Барлығы 3 топ болады. Аптасына 5 күн, таңертең, кешке жаттығу өткіземіз.


Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің алаңында Петропавлдағы 5 –ші велобаза орналасқан. Сондай –ақ, жас футболшыларға арналған футбол стадионы да бар. Айта кетейік, жалпы «Береке» ықшам ауданында барлығы 35 мыңнан астам адам тұрады.