Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының 138-ші маусымы әйгілі грузиндік «Ханума» пьесасымен ашылды. Қоюшы режиссері- театрдың көркемдік жетекшісі Тимур Кәрімжанов. Музыкалық комедияда отыздан астам актер өнер көрсетті.


Осы жолы театр өзінің жаңа маусымын грузиндік «Ханума» пьесасымен ашуды жөн көріпті. Ол көпшілікке танымал грузин пьесасына негізделген музыкалық жанрдағы комедия. Ханума - мың бұралған биге, көркем әзілге, әуезді әнге толы ерекше мюзикл. Театрдың көркемдік жетекшісі, режиссер Тимур Кәрімжанов таңдаудың неге дәл осы шығармаға түскенін айтып берді.


ТИМУР КӘРІМЖАНОВ, Н. ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл пьесса менің ойымша өте танымал. Сондықтан біздің тетр ұжымы жақсы дайындалды. Рольдерді сомдаушы актерлердің киімдері, сахналық безендірілу бір-бірімен керемет үйлесім тапты. Әртістердің өздері сомдайтын кейіпкерлерін ашу шеберлігі де жоғары деңгейде. Сондықтан көременге ұнайтынына сенімдіміз.


Бұл қойылымда басты рөлді Татьяна Фомиченко ойнап шықты. Ол театр сахнасында 30 жылға жуық өнер көрсетіп келеді. Оның айтуынша осы уақытқа дейін сомдаған рөлдерінің барлығы көңілінен шығады. Бірақ осы қойылым ол үшін тіптен ерекше.


ТАТЬЯНА ФОМИЧЕНКО, АКТРИСА:

- Мен бүгін басты рөлде ойнаймын. Менің кейіпкерім бір-бірін жақсы көретін адамдарды қосу. Өте қарапайым. Өмірге деген көзқарасы ерекше. Осы кейіпкерімді өзіме де ұқсатамын. Комедиялық жанр болған соң келген көрермендер бір демалып қайтады деген сенімдеміз.


Премьераға барлығы 34 әртіс қатысты. Алдағы уақытта театр ұжымы Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай да ерекше қойылымдарды көрермен назарына ұсынбақ.