Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстанның кәсіподақтар күніне арналған мерекелік іс-шаралар легі аяқталды. Айтулы мерекеге орай Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәдениет қызметкерлері мерекелік кездесу ұйымдастырған еді. Кездесудің басты себебі – кәсіподақ ұйымының 55 жылдығы.


Новоишимка ауылының аудандық мәдениет үйінде аудандық кітапхана кәсіподағы, Рузаев, Чистополь, Привольный, Червонный, Возвышенский және Буденный ауылдық клубтарының мүшелері жиналды. Аудандық кәсіподақ ұйымы облыста ғана емес, республикада да үздіктердің қатарында. Елена Тимощук басқаратын бастауыш кәсіподақ ұйымы салалық кәсіподақ байқауында бірінші орынға ие болды. Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, Ғ. Мүсірепов атындағы орталық кітапхана желілері кәсіподағының төрағасы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталды.



ЕЛЕНА ТИМОЩУК, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Біз бастауыш кәсіподақ ұйымы ретінде облыс бойынша бірнеше мәрте бірінші орындарға ие болдық. Республика бойынша да бірнеше жүлдеміз бар. Бізге кәсіподақ не үшін қажет десеңіз, біздің ұйымда ұжымдық шарт қарастырылған. Мұнда кәсіподақ мүшелеріне ұсынылатын көптеген әлеуметтік жеңілдіктер бар. Қызметкерлерімізге қатысты мәселелерді де қарастырамыз. Сұрақтарды тек аудан бойынша ғана емес, облыс және республика көлемінде көтеруге тырысамыз.