«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық тазалау жұмыстары жалғасуда. Экоакцияға жастар ресурстық орталығының волонтерлері мен колледж студенттері қатысты. Олар Интернациональная және Бөкетов көшелерінің қиылысында орналасқан саябақты қоқыстан тазартты. Тақырыпты менің әріптесім жалғастырады.


"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілер Интернациональная және Бөкетов көшелерінің қиылысында орналасқан саябақты тазалады. Бұл жұмысқа барлығы 30-ға жуық адам қатысты.


АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ:

- Осындай іс-шараларға жастар белесене қатысады. Петропавлдағы барлық колледждерден студенттер, еріктілер, «Жасыл ел» еңбек жасағының өкілдері, ЖРО мен қоғамдық ақпаратты дамыту орталығының қызметкерлері де қалыс қалмайды. Осы «Таза Қазақстан» эко акциясы басталғаннан бері біз қаламызды қалыпқа келтіру үшін көптеген жұмыстар атқардық.


Бұл акцияға колледж студенттері де қатасуда. Солардың бірі Кристина Ярмолюк. Оның сөзінше қаламызды тазалықта ұстау, барлығының міндеті.


КРИСТИНА ЯРМОЛЮК, ВОЛОНТЕР:

- Бүгін біз саябақты тазалауға арналған экоакцияғы қатысып жатырмыз. Бұл жұмыстар айнала таза болу үшін қажет. Мен 2 курс студентімін. Жалпы өткен жылдан бастап ерікті ретінде барлық іс-шараларға қатысып жүрмін.


Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері Петропавлдан барлығы 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды