Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс әкімдігіне ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жаңа басшысын таныстырды.


Енді бұл қызметті Дәурен Тоққожинов атқаратын болады. Ол Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. М.Қозыбаев атындағы жергілікті жоғары оқу орнын, Көкшетау университетін қаржы және заң мамандығы бойынша тәмамдаған.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әр жылдары облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы,кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Осы тағайындауға дейін М.Жұмабаев ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Дәурен Маратұлы жұмысыңызға сәттілік тілеймін.