6 қазан күні АЭС салу мәселесі жөніндегі жал¬пыұлттық референдумда Қазақстан халқы өз таңдауын жасады. Дауыс берген ел азаматтарының 70 пайыздан астамы атом электр стансасының салыну¬ын қолдайды. Осылайша, еліміз жаңа кезеңге қадам басты.


Қоғам белсенділері референдумнан кейін жұртшылықпен кездесуін тоқтатқан жоқ. Бұл жолы жиын Петропавл трактор жасау зауытында өтті.


ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-Таңдау жасағысы келетіндердің қарасы қалың болды. Мемлекетіміз үшін бұл жақсы нәтиже. Азаматтарымыздың атом электр стансасының құрылысын қолдайтынына қуаныштымын. Бұл еліміздің болашаққа деген нық қадамы деп білемін. Болашағымыз энергетикамен тығыз байланысты. Бұл өз кезегінде энергияның жетіспеушілігін жояды.


Кәсіпорын қызметкерлеріне тағы бір мәрте АЭС салу мәселесі өзекті екені түсіндірілді. Бұл Қазақстанның жаңа даму арнасына түскенін білдіреді. Кездесу барысында мамандар қызықтырған сауалдарын қойып, өз сұрақтарына жауабын алды.