"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде ювеналды полицейлер есепте тұрған тұрмысы төмен отбасылар мен жасөспірімдер бойынша рейдтерті күшейтілген режимде жүргізуде. Рейдтерге СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық мәслихат депутаттары, "Аманат" партиясының, қорғаншылық, білім беру органдарының, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты. Алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 20 тұрмысы төмен отбасы және 3 есепте тұрған жасөспірім тексерілді. Осындай тексерістердің бірінде полицейлер мас ананы оқшаулауға мәжбүр болды.
Петропавл қаласында есепте тұрған 16 жасар қыздың тұрғылықты жері бойынша кезекті тексеру барысында тәртіп сақшыларын ішімдіктің иісі шығып тұрған анасы қарсы алды. Әйел медициналық тексеруден өтуден бас тартты, бірақ полицейлер процедуралық шешім қабылданғанға дейін оны оқшаулауға мәжбүр болды. Қызы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды.
АЙНАГҮЛ САУТПЕКОВА ,СҚО ПД ЖПҚБ ИНСПЕКТОРЫ:
- Рейд барысында ІІО-ның есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналар мен кәмелетке толмағандар тұрақты тұратын орындары бойынша тексерілді. Кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу жұмысы тұрақты түрде жалғасуда және ПД басшылығының аса қадағалауында.