СҚО-да мүмкіндігі шектеулі2 2000-ға жуық спортшы бар. Саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтарға қолайлы жағдай да жасалған. Олар әртүрлі деңгейде ұйымдастырылатын спорттық сайыстардан да қалыс қалмайды. Бүгін Борки кентінде мүмкіндігі шектеулі жандар дене шынықтырып, алда болатын жарыстарға дайындалды.


Облыс орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» клубында 250-ге жуық спортшы бар. Құрылғанына 10 жылдай болған орталық мүшелері облыстық, республикалық дәрежедегі сайыстардан үнемі олжалы оралады. Бүгін де параолимпиадашылар алдағы уақытта өтетін жарыстарға қызу дайындық үстінде.


АРДАҚ ОРАЗБЕКОВА, «ҮМІТ» КЛУБЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Біздің клубтағы 250-ге жуық спортшының арасында балалар да бар. Олар әртүрлі жерлерде шынығып, дайындала алады. Мысалы, спорт мектебі, спорт сарайы мен Борки кентіндегі алаңдарда.


Қазір аймақтың паралимпиадашылары желтоқсан айында Финляндияда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Үлкен үміт артқан жастардың бірі Владислав Кобаль. Шаңғы жарысында бой көрсететітін жігіт - интернаттың тәрбиеленушісі.


ВЛАДИСЛАВ КОБАЛЬ, «ҮМІТ» КЛУБЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ:

- Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз болдым. Жаттықтырушылардың сөзінше мен барлық дайындығымды көрсетіп, жақсы нәтиже көрсеттім. Жазда Германияда өткен жиынға бардық. Қазақстан чемпионатында соңғы қашықтық ең үлкен 7,5шақырым және спринт болды.


Паралимпиада спортшыларына өңірде барлық жағдай жасалған.


АНТОН ЖДАНОВИЧ, ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ МЕН ПАРАБИАЛТОННАН ҚР ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спортпен шұғылдану мақтан тұтарлықтай нәтиже. Шынығады әрі рухтары көтеріледі. Бізде спортпен шұғылдану үшін барлық ждағдай жасалған. Керекті жабдықтар мен арнайы алаң үнемі дайын тұрады.


Қоса кетейік, келесі жылы Словения мен Италияда шаңғы жарысы мен парабиатлоннан 2 әлем чемпионаты өтеді.