Жамбыл ауданы Пресноредуть елді мекенінде жаңа наубайхана ашылды. Бұл жеке кәсіпкер Руслан Асхабовтың бастамасы. Пештен жаңа шыққан ыстық нан ауылдықтарға 3-4 күнде бір сырттан әкелінетін нанның дәмін тез ұмыттырды.
Пресноредуть ауылында ашылған бұл наубайхана елдің ықыласына тез бөленді. Көрші ауылдан келетін нан бірде жетсе, бірде жетпей жататын дейді тұрғындар. Ал қазір қолжетімді. Наубайханашының айтуынша мұнда күніне 240 тан астам бөлке нан дайындалады.
НАТАЛЬЯ КИТСКАЛА, НАУБАЙХАНАШЫ:
- Работаю уже 3 месяца. Мұнда нан пісіріп жүргеніме 3 ай болды. Жұмысым өзіме ұнайды. Күніне кем дегенде 240 бөлке нан дайындаймыз. Алдағы уақытта басқа да нан өнімдерін пісірімез деген ойдамыз.
Мұндағы нан бағасы 140 теңге. Таңертең ерте ыстық нан дайын тұруы үшін, наубайханашылар түнде жұмыс істейді. Ертесі таңғы сағат 8-ден бастап ыстық нан дайын. Сағат 10-ға дейін ауылдағы барлық дүкендерге жеткізіледі.
АПТИ ЭЛЬСИЕВ, БРИГАДИР :
- Наубайхана үздіксіз жұмыс істеп тұр. Нанымыз дәмді. Тұрғындарға ұнайды. Мұндағы құрал-жабдықтың бәрі жаңа, заманауи. Қостанайдың қымбат әрі сапалы ұнын пайдаланымыз. Қазір бір ғана жұмысшы бар, жақын уақытта тағы бір адам алып, басқа да нан өнімдерін дайындаймыз.
Жалпы ауылда 527 адам тұрады. Ауыл әкімінің айтуынша нан алуға адамдар кезекке тұрып қалатын кездері де болады дейді.
БАЙМАҒАНБЕТ ҚАЙЫРОВ, АУЫЛ ӘКІМІ:
- Осы пекарныйды ашқан соң, кешке қарай да алып кетеді нанды келіп. 140 тан бұл жерде. Ал магазинге 150 ден сатады. 4 магазинге апарады. Ауылдың ішінде 4 магазин бар. Соларға апарып тастайды. Таңертең 10-ға дейін уже күтіп отырады жұрттар. Кімнің уақыты болмады түнде алып кетеді звандасып.
Ауыл халқының сұранысын өтеп отырған наубайхана тұтынушылардың көңілінен шықты.