Негізгі Жаңалықтар 270.00 декларациясын кімдер тапсырады

270.00 декларациясын кімдер тапсырады

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны уақытылы тапсыру қажеттігін еске салады. 270.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыру мерзімі - 15 қыркүйекке дейін. Оны тапсыру міндеті мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға және олардың жұбайларына, сондай-ақ заңды тұлғада 10 пайыздан астам үлесі бар басшылар мен құрылтайшылардың жұбайларына және басқа да заңнамада көрсетілген санаттарға қатысты.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, биылғы 11-ші қыркүйектегі жағдай бойынша 2025 жыл үшін декларацияны 6 мың 200-ден астам мемлекеттік қызметші мен олардың жұбайлары, 7 мың 900-ден астам ЖШС басшысы мен құрылтайшысы және олардың жұбайлары тапсырған. Сондай-ақ құны 20 АЕК-тен асатын мүлік сатып алған 23 жеке тұлға декларация өткізген.

СНХ: ОЛЕГ ГАВРИК, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бөлісу