Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

 Петропавл қаласының тұрғындары өңір басшысының жеке қабылдауында болып, маңызды мәселелерін тікелей жеткізді. Кездесу барысында әсіресе жол жөндеу және баспана мәселелері басты назарда болды. Қала тұрғындарының бірі көшелердің сапалы жөнделіп жатқанына шынайы ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Ал басқасы тұрғын үй мәселесін шешуге қолдау көрсетуді айтып, көмек сұрады. 

 Азаматтарды қабылдау орталығында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің жеке қабылдауы өтті. Келушілердің арасында Сағандықовтар отбасы да бар. Олар Солнечный кентіндегі Звездная көшесіне жасалған жөндеу жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. 17 наурызда Наурыз мерекесін тойлау аясында облыс әкімі барған кезде тұрғындар жолды жөндеу қажеттігін айтқан болатын. Өңір басшысының тапсырмасымен бұл көше жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізілді.

СНХ: АЙМАН САҒЫНДЫҚОВА – ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

Келесі мәселе - тұрғын үйге қатысты. Өтініш беруші өз қамқорлығындағы мүгедектігі бар адамға пәтер беруге көмектесуді сұрайды. Ол тұрғын үй кезегінде 2017 жылдың сәуірінен бері тұр. «Отбасы банкі» Петропавл қаласынан екі бөлмелі пәтер ұсынған. Алайда, оны ипотекалық рәсімдеу мүмкін емес, өйткені қамқорлықтағы адамның табысы жоқ. Отбасы пәтерді толықтай сатып ала алмайды. Өңір басшысы тұрғын үй мәселесін шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Тағы бір өтініш «Зайсан» шағын ауданының тұрғындарынан түсті. Олар апатты үйдің орнына абаттандырылған баспана беруді сұрайды. 2023 жылы ғимараттың шеткі бөлігі опырылып түскен болатын. Сол кезде қала әкімдігі тұрғындарға уақытша баспана берген екен.

СНХ: ЖҰМАБИКЕ МҰХАМБЕТОВА – ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

Әкімдік бұл мәселенің шешімі заңда белгіленген тәртіппен шешілуі тиіс екенін атап өтті: бүгінгі таңда бұл объектіге қатысты жер учаскесін мемлекеттік мұқтаж үшін алып қою туралы шешім қабылданған жоқ, өйткені бұл учаскеде әлеуметтік нысан салу жоспарланбаған. Жеке қабылдауда айтылған барлық өтініштер бақылауға алынды. 

Бөлісу