Есіл ауданындағы орақ науқаны
Есіл ауданының диқандары орақ науқанын жалғастырып жатыр. Мәселен, «ТІЛЕП-НАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында өнімнің 30 пайызын жинау қалды. Шаруашылыққа алты жыл болған.
Шаруашылықтың 1900 гектарына рапс, 1700 гектарына жасымық, мың гектардан астам жерге зығыр егілген. Ал алқаптың басым бөлігін бидай алып жатыр. Қазір диқандар егін жинау жұмыстарын қызу жүргізіп, науқанды аяқтауға жақын.
САРУАР МОЛДЫНОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазір тәжірибелі механизаторлар заманауи техникаларда рапс жинауға жұмылдырылған. Басты мақсат дақылды шашау шығармай жинап алу. Сондықтан комбайынды дұрыс баптап, жинау технологиясын қатаң сақтау маңызды. Осылайша шаруалар өнімділікті арттырып, шығынды азайтуды көздейді.МИХАИЛ НИКУЛИН, МЕХАНИЗАТОР
Шаруашылықта 50-ден астам адам еңбек етеді. Диқандардың еселі еңбегімен қатар, мемлекеттік қолдаудың да маңызы зор. Көктемгі дала жұмыстары дер кезінде атқарылып, алқаптарға минералды тыңайтқыштар уақытылы енгізілген. Енді шаруалар қалған өнімді ысырапсыз жинап, орақ науқанын ойдағыдай аяқтауға бар күшін салып жатыр.