Отбасы күніне арналған мерекелік концерт
Қазақстанда Отбасы күні 2013 жылдан бері ресми түрде аталып өтіп келеді. Осы мерекеге орай Петропавл қалалық мәдениет үйінің ұжымы концерт ұйымдастырды. Кеште мәдениет саласының өкілдері отбасылық құндылықтарды дәріптейтін әндер мен шығармашылық қойылымдарды көрерменге ұсынды.
Салтанатты кештің негізгі идеясы - отбасының қадір-қасиетін насихаттау және ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты ұлықтау. Сахна төрінде шығармашылық жолында жұбы жазылмаған өнерпаз отбасылар да өнер көрсетті. Әсем ән мен тартымды биге толы бағдарлама көрермен қауымға көтерңікі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.
СНХР: МҰХАМЕДАЛИ ИСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Концертте қалалық мәдениет үйінің әртісі Жарқын Ибраев жұбайымен бірге сахнада өнер көрсетті. Өнер иесі бұған дейін жеке орындап жүрген әнін бұл жолы жарымен бірге шырқап, көрерменге отбасылық өнерін ұсынды.
СНХР: ЖАРҚЫН ИБРАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘРТІСІ
Аталмыш іс-шара отбасын ардақтап, жақын жандармен бірге өткізген әр сәтінің қымбат екенін тағы бір мәрте көрсетті. Өйткені берекелі отбасы – берекелі қоғамның негізі.