Негізгі Жаңалықтар «Бақыт мекендеген үй»: ерекше балаларға арналған шығармашылық акциясы

«Бақыт мекендеген үй»: ерекше балаларға арналған шығармашылық акциясы

 Қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні аталып өтеді. Осы атаулы датаға орай Петропавлдағы Оқушылар сарайында шаңырақтың шаттығын арттырып, мейірім шуағын шашқан ерекше іс-шара өтті. Ерекше қажеттілігі балалар мен олардың жақындары «Бақыт мекендеген үй» атты танымдық-шығармашылық акциясына қатысты. 

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты – шаңырақ құндылықтарын дәріптеу. Солтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйтқы болуымен өткен жиында ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналары бір сәт күнделікті күйбең тірлікті ұмытып, қиялдарына қанат бітірді. Басты назар – әр отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара түсіністігін нығайтуға бағытталған.

СНХ: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА – СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Шығармашылық іс-шараға ерекше балаларды тәрбиелеп отырған 10-ға жуық отбасы қатысты. Олардың қатарында колледжді тігінші мамандығы бойынша тәмамдап, болашақта осы саланың білікті шебері атануды армандайтын Татьяна мен оның анасы да бар. Акция барысында қатысушылар өз ойларын өнер арқылы өрнектей білді. Жүрекке жылылық ұялатқан бұл сәт ата-аналар үшін үлкен медеу, рухани серпіліс болды. 

СНХ: АНАСТАСИЯ ШВЕЦ – ТАТЬЯНАНЫҢ АНАСЫ

Бұл күні жүрегі мейірімге толы қатысушылардың туындылары ерекеше шабытпен орындады. Жиынға келген жастардың бірі болашақта ақ халатты абзал жан медицина қызметкері болуды армандайтын Әсия. Бойжеткен өзінің шығармашылық әлеуетін танытып, көңілдегі ыстық ықыласын ақтарды. 

СНХ: ӘСИЯ ХАМИТОВА – ҚАТЫСУШЫ

Осындай игі бастамалар ерекше қамқорлықты қажет ететін жастардың қоғамнан оқшауланбай, көпшіліктің назары мен демеуін көруіне жол ашады. Іс-шараны өткізуге мұрындық болғандар жүрекке сенім ұялататын осындай отбасылық басқосуларды келешекте де тұрақты негізде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу