Негізгі Жаңалықтар «NIS RUN» отбасылық жүгіру марафоны өтті

«NIS RUN» отбасылық жүгіру марафоны өтті

 Өткен демалыста 400-ден астам отбасыны біріктірген марафон өтті. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бүкіл NIS қауымдастығын бір арнаға тоғыстырған «NIS RUN» отбасылық жүгіру жарысын өткізді.

Спорттық мереке Отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Оған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Қатысушылар 1, 3 және 5 шақырымдық қашықтықтарды жүгіріп өтті. Жарыс басталмас бұрын барлығы міндетті түрде қыздыру жаттығуларын жасады. Айта кетейік, бұл марафон Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлығында алғаш рет бір уақытта орталықтандырылған түрде өткізіліп отыр.

СӘУЛЕТ МҰҚАНОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

Жүгірудің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бірге спортпен шұғылдану мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар арасында ең көп адаммен келген отбасылардың бірі – Елемесовтар. Бұл әулеттен марафонға 9 адам қатысып, әрқайсысы өзі таңдаған қашықтық бойынша жүгірді.  

ЛЯЗЗАТ ЕЛЕМЕСОВА, АТА-АНА

Қашықтықта бастысы – жылдамдық емес, отбасылық қолдау, спорттық рух пен жарысқа деген қызығушылық. Жеңімпаздарға медальдар табысталып, сондай-ақ ең көп адаммен қатысқан отбасылар арнайы аталымдар бойынша марапатталды.

Бөлісу