Өңірге жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин "Avagro" зауытына, сондай-ақ "Зенченко и К" КС барды. Мұнда қатты ірімшік өндірісін қолға алу жоспарланған. Серік Жұманғарин сонымен қатар облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Қызылжар және Есіл аудандарының агроөнеркәсіп кешендерін аралап көрді.


Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин отандық өндіруші "Avagro" ЖШС жұмысымен танысты.Зауыт жылына 600 техника шығаруға қауқарлы. Өндіріс көлемі 2023 жылы 4,6 (төрт бүтін оннан алты ) млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда өнімділікті арттыру мүмкіндігі бар. Ол үшін жаңа нарық қажет.


Ал "Зенченко и К" КС-нің сүт зауыты тәулігіне 500-600 келі ірімшік өндіруді жоспарлап отыр. Вице-премьер Қазақстанға осындай өндірістер қажет екенін және бұл жоспарды іске асыруға мемлекет барынша қолдау көрсететінін атап өтті. Бұдан кейін Серік Жұманғарин Қызылжар ауданының аграрилерімен кездесті.



 СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ауыл шаруашылығы бюджетке салық әкелмейді . Бірақ оның мемлекетке орасан зор пайдасы бар. Себебі ауыл шаруашылығы арқылы елді мекендер гүлденеді. Көрдім, ауылда жұмысшыларға арнап жақсы үйлер тұрғызған екенсіз. Біз сіздерге қолдау көрсетеміз, бұл ауылдың дамуына инвистиция болмақ.


Жұмыс сапары соңында Серік Жұманғарин Есіл ауданының ірі сүт-тауарлы фермаларына барды. Сондай ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Иван Фисенко субсидияларға қатысты сұрақ қойды.


ИВАН ФИСЕНКО, «ЗАГРАДОВСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- 2 жылдан бері үлкен егіс кешендері, техникалар әлі тұр, төлем жоқ.Оларды ала алмай отырмыз. Неліктен бұлай болды?


МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облысқа 60 млрд субсидия бөлінді, барлығы кезек бойынша алады. Олар күту тізімінде тұрады.Бізде арнайы жүйе бар сол арқылы барлығын бақылай аласыз.


Сонымен қатар Вице-премьер жоңышқа өсіру, және одан жоғары сапалы түйіршіктер өндіру жобасымен танысты. Бұл мал азығына арналған өнім. Басты бағыт экспортқа шығару.


Ұлан Ыдырыс