Петропавлда 3 елдің музыканттары бас қосып, дирижерлер шеруі өтті. Іс-шараға қатысушылар классикалық әуендерден бөлек, халық әндерін де орындады.
Бұл кеш Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымовтың 50 жас мерейтойына арналды. Дирижерлер шеруіне көрші Ресей, Қырғызстан елдерінен де өнерпаздары қатысты. Алыс-жақыннан келген әріптестері дирижерді мерейтойымен ерекше құттықтады.
БАҚЫТ ТІЛЕГЕНОВ, БАС ДИРИЖЕР, ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
- Қазақстан елінде Петропавл шаһарында үлкен той болады деп есептеймін. Бұл деген музыканың мейрамы десек болады. Біз мұнда үлкен той парад дирижерларға келдік. Қазақ мемлекетінің белгілі инсаны дәурен Ғылымовтың 50 жасқа толған шығармашылық кеші болады.
Ұлы музыканы жанымен түсініп, сиқырлы таяқшасымен барлық аспапты үйлесімді ырғаққа келтіру екінің бірінің қолынан келе бермес. Оркестрді бір тыныспен басқаратын дирижер ісі қашан да сыйлы. Ғұмырының ширек ғасырын музыкаға арнаған Дәурен Ғылымовтың да өнеріне жұрт тәнті. Бүгінгі кештен де күтеріміз мол деседі көрермен.
ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, АҚЫН, КОМПОЗИТОР:
-Бүгін бұл концертке келіп жатқан себебіміз өнердің жоғарғы сапасын, өнердің жаңа бір биігін көреміз бе деген оймен келіп отырмыз. Себебі бұл тек қана қазақ өнеріне емес, қырғызстаннан келген өнерпаздардың Россияның алтай өлкесінен келген өнерпаздардың жетістігін, солардың ауқымды көкжиегінің кеңдігін көрмекпіз.
Мерекелік шара екі бөлімнен тұрды. Алғашында сахнадан әлемдік классика жауһарлары әуелесе, екінші бөлімде Қырғызстанның, Алтайдың, қазақтың ұлттық ән- күйі орындалды.
ДӘУРЕН ҒЫЛЫМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:
- Жалпы тарихта бірінші рет Лео Делиптің операсындағы бүкіл әлем білетін Цветочный дуэт қазақ мызкалық оркестірмен бірінші рет орындалады. Бұл шығарманы еш оркестр орындаған емес. Классикалық шығармалары қазақ ұлттық аспаптар оркестрімен тыңдап, екінші бөлімде өзіміздің төл музыкамызды орындаймыз.
Мерекелік кеште күй күмбірлеп, ұлттық аспаптар үнімен әсем әуен қалықтады. Кеш соңындағы көрермен қошеметі музыка әлемінің құдіретін тағы бір танытты.