Жыл басталғалы өңірде 362 өрт тіркеліп, 29 адам қаза тапты, ал жарақат алғандар саны 34-ке жетті. Басты себеп - өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.

Өрттің және оның салдарынан туындайтын адам өлімінің алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыда осал топтар, яғни тұрмысы төмен отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарға назарға алынды. Сонымен қатар, мамандардың есебінде тұрғандарға 1 021 түтін датчигі орнатылып, тұрғын үйлердің қауіпсіздік деңгейі артты.

ДУМАН ДІЛДАБАЕВ, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Петропавлда жыл басынан бері 75 өрт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,4%-ға аз. Дегенмен, өрт салдарынан 9 адам қаза тапты, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 44,5%-ға жоғары. Қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын әлеуметтік осал топтар арасында күшейтіп жатырмыз. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында 600-ден астам үй тексеріліп, улы газға қарсы 70 датчик орнатылды.