Облыстық прокуратурада кезекті алқа отырысы өтіп, 2023 және 2024 жылдардағы ветеринарлық заңнаманы сақтау мәселесі қаралды. Мәселен ірі қара малдың бруцеллезбен ауыруы 272-ден 613-ке дейін өскен, ал ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі 11 500-ден 13 400-ге дейін жеткен. Өңірде мал қорымдарының жай-күйі, жануарларды жалған вакцинациялау және сою орындарының жеткілікті түрде болмауы алаңдатушылық туғызып отыр.

ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңының қолданысқа енгізілуіне орай, қаңғырған иттерді ату практикасы тоқталды. Алайда, ветеринариялық қызметтер Заңда көзделген жұмыстың жаңа форматын әзірлемеген. Соның салдарынан, өңірде бұралқы иттерден 350-ден астам адам зардап шекті.Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне өңірдегі эпизоотиялық жағдайды жақсарту үшін ұзақ мерзімді өңірлік бағдарлама әзірлеу ұсынылды. Барлық мүдделі органдар ветеринариялық қауіпсіздік мәселелерін ерекше бақылауға алды.