Қолайсыз ауа райына байланысты полицейлер жүргізушілерге жолда абай болып, 112-ден келетін СМС хабарламаларды назарға алуға кеңес береді.
Мәселен көктайғаққа байланысты «Астана-Петропавл» тас жолында жүк көлігі жолдан шығып кеткен.. Ал «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 77-ші шақырымында, Антоновка ауылының маңында, газель жолдан шығып кетті. Жүргізуші жарақат алған жоқ. Тәртіп сақшылары оларға көмек көрсетіп, көліктің жолын жалғастыруына мүмкіндік жасады. Полицейлер жүргізушілерге көктайғақта барынша сақ болу, дөңгелектерді қысқыға ауыстыру, қатты жылдамдықтан және кенет тежелуден аулақ болу қажеттігін ескертеді.