Облыста эпидемиологиялық маусым басталғалы бері жіті респираторлық вирустық инфекциясын жұқтырудың 15 МЫҢ дерегі тіркелген. Өткен маусыммен салыстырғанда таралу деңгейі 14 пайызға төмендеген. Ал науқастардың ең көбі, - 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Кейінгі аптада жіті респираторлық вирустық инфекцияның 2773 жағдайы тіркелген, бұл өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есе көп. Жаңа эпидемиялық маусым кезеңінде тұмаумен ауыру тіркелген жоқ.
ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
-1 қазаннан 31 қазанға дейін облыста тұмауға қарсы иммундау науқаны өткізілді. Тәуекел тобына жататын адамдар үшін ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды. Бүгінгі таңда 100 пайыз қолданылды. Тұмауға қарсы вакцинациядан бөлек спецификалық емес профилактиканы назардан тыс қалдырмау керек.
Сондай-ақ биыл қыркүйек айынан бастап адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды. Жалпы елде күн сайын жатыр мойны обырының 5 жаңа жағдайы тіркелсе, екі әйел күн сайын осы аурудан қайтыс болады.
ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Біздің облысқа келетін болсақ, 1126 қыз, 11 жастағы 491, 12-13 жастағы 635 қыз егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Бүгін қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинаны алу туралы шешім қабылдағанда, сіз оларды болашақта онкологиядан сақтайсыз.
Жалпы облыс бойынша, 2023 жылы жатыр мойны обыры диагнозымен 52 әйел, 2024 жылдың 9 айында - 49 әйел есепке алынған. Қазіргі уақытта есепте 568 әйел тұр. Жыл басынан бері 11 адам қайтыс болған.