Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР қызметінің алаңында биылғы 9 айда өңірде атқарылған жұмысқа есеп берді. Ауданда ауыл шаруашылығы басым салалардың бірі. Есепті кезеңде жалпы өнім көлемі 41,7 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғы деңгейден 9,5% - ға жоғары.

Биыл аудан диқандары өнімділігі 18,5 ц/га болатын 530 мың тонна дәнді дақылды қамбаға құйды. 4100 тонна ет, 27,4 тонна сүт және 7,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ауданда құрғақ бие сүтін өндіру бойынша құны 3,2 млрд. теңге болатын бірегей жоба іске асырылып жатыр. Кутузовка ауылындағы бұл жаңа ферма 400 бас жылқыны ұстауға арналған, бұл жылына 12 тонна құрғақ өнім өндіруге мүмкіндік береді. Ауданда Шалқар-Имантау курорттық аймағы орналасқан. Былтырдан бері жарты млрд теңгеге бес демалыс аймағы жаңғыртылды. Туристердің келуіне ыңғайлы болуы үшін 50 км-ге жуық асфальт төселді.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Туризм саласында аудан тұрақты даму үстінде. Айыртау ауданының бірегей табиғи және мәдени көрікті жерлері жыл сайын туристерді тартады. Соңғы 3 жылда туристердің келуі 2 есеге артты. 2024 жылы туристердің саны 100 мыңнан астам болды. Қазіргі уақытта ауданда тәулігіне 4000 турист қабылдай алатын 46 туристік нысан жұмыс істейді. Жыл сайын туризм саласында жұмыспен қамту артып келеді және 2024 жылы 224 адам жұмыспен қамтылды.