Петропавлда "Халық оркестрлері. Жаһандану әлеміндегі мақсаттары мен міндеттері" тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген музыканттар тәжірибе алмасу, халықтық оркестрлердің бірегей қызметін талқылау үшін жиналды.
Жиынға қатысушылар музыканың мәдени мұраны сақтаудағы маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрлерді халықаралық музыкалық жобаларға біріктіру мүмкіндіктері талқыланды. Халық оркестрлерінің қазіргі жағдайдағы даму ерекшеліктері жайлы да сөзге тиек етілді. Ал, 7 қарашада облыстық филармонияда дирижерлер шеруі өтпек.
БАҚЫТ ТІЛЕГЕНОВ, БАС ДИРИЖЕР, ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, (ҚЫРҒЫЗСТАН):
- Мен филармония басшысына, бас дирижерлерге алғысымды білдіремін. Олар өте талантты музыканттар. Жақында ғана мерейтойлық концерт өтіпті. Біз де оған шақырту алдық.